Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов қайтыс болды

692

Генерал-майор Мұхаметқали Құсайынұлы 59 жасында өмірден өтті.  

Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов қайтыс болды

17 тамыз күні ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Сатов Мұхаметқали Құсайынұлы 59 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

"ІІМ барлық жеке құрамы ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қызметкері Мұхаметқали Құсайынұлының қазасын ауыр қабылдады. Біз үшін бұл – орны толмас қайғы. Туған туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу