Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды

76

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім етті.

Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды Фото: Ұлттық ұлан

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес генерал-майор Шекарбеков Сәкентай Амантайұлы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кету керек, Ұлттық ұлан қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарды күзету, қылмыс пен экстремизмге қарсы іс-қимылға қатысу, сондай-ақ арнайы және профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде ішкі істер органдарына жәрдемдесу жөніндегі міндеттерді жүйелі түрде орындауды жалғастырып келеді. Сонымен қатар ұландықтар бұқаралық іс-шаралар кезеңінде және төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылады.

Еске сала кетсек, 2025 жылы құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері шамамен 18 мың құқық бұзушыны ұстап, ішкі істер органдарына жеткізді. Оның ішінде 700-ден астамы қылмыс белгілері бар тұлғалар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу