Ұлттық валюта апта соңында сауданы 323 теңгемен аяқтады

808

Ұлттық валюта апта соңында сауданы 323 теңгемен аяқтады

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 323,11 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі –  80 850 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 343,60 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 50 мың еуро;

- есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен T+0, Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,4922  теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 50 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 323,30 теңгені (-0,66 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 112 450 мың (+34 350 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +12,0000 % құрады, ұсыным жылдық +5,0000 %.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +6,2455 % құрады, сауда-саттық көлемі 1 040 200 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу