Ұлттық валюта бір аптада 8 теңгеге нығайды

697

Ұлттық валюта бір аптада 8 теңгеге нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында 24 ақпан Ресей Федерациясында мереке күні (Отанды қорғау күні) болғандықтан, RUBKZT_TOD және RUBKZT_TOМ құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 311,32 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 126 350 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 теңге және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+1 және рубль бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+1 теңгемен қытай юанінің (CNYKZT_TOM) орташа сараланған бағамы бір юаньға 45,4440 теңгені, сауда-саттық көлемі – бір юаньға – 250 мың юаньді құрады.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 312,65 теңгені (-1,44 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 204 250 мың (-203 500 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +12,0000 % % құрады, ұсыным – жылдық +4,0000 %;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған бағамының кірістілігі сауда-саттық көлемі жылдық 997 000 мың USD болған жағдайда +5,0937 %;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу