Ұлттық валюта бұл аптада 25,87 теңгеге нығайды

812

Қазақстан қор биржасындағы 8 сәуір 17:00-дегі сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 446,04 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық валюта бұл аптада 25,87 теңгеге нығайды

Сауда аптасында ұлттық валюта 25,87 теңгеге нығайды, 4 сәуірде орташа сараланған бағам 15:30-да бір долларға 472,76 теңге деңгейінде болса, 8 сәуір, жұмада 446,89 теңге болды.

Ал сауда 446,04 теңге көрсеткішімен жабылды. 

KASE мәліметіне сәйкес, сауда-саттықта ең төменгі бағам бір доллар үшін 442 теңге деңгейінде қалыптасты, максималды бағам – 455,20 теңге, жабылу курсы – 443 теңге болды. АҚШ валютасымен сауда көлемі 126 млн 169 мың долларды құрады. Валюталық операциялар бойынша жасалған транзакциялар саны – 432. 

Kurs.kz сайтының мәліметінше, елорданың айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 17:07-де 453 теңге, Алматыда 454 теңге болды.

Ұлттық банктің 8 сәуірдегі ресми бағамы 1 долларға 458,87 теңге. 9 сәуірде ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 1 доллар үшін 446 теңге шамасында болады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу