Ұлттық валюта долларға қатысты 6 теңгеге әлсіреді

1571

Елорда мен Алматының ақша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасы 478, 5 теңгеден сатылуда.

Ұлттық валюта долларға қатысты 6 теңгеге әлсіреді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 сәуір 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 472, 56 теңгеге тұрақтады, деп жазды inbusiness.kz.

31 наурыздағы мәліметтермен салыстырғанда (1 доллар үшін 466,31 теңге) ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 6,25 теңгеге әлсіреді. 

kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, елорданың ақша айырбастау орындарында долларды сатудың максималды бағамы 478 теңге, Алматыда 478,5 теңге.

Ұлттық банктің 1 сәуірдегі ресми (нарықтық) бағамы 1 долларға 466,31 теңгені құрайды. Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу