Ұлттық валюта долларға қатысты тағы 15 теңгеге нығайды

2746

 KASE-де доллардың орташа сараланған бағамы 473,61 теңгені құрады.  

Ұлттық валюта долларға қатысты тағы 15 теңгеге нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 29 наурыз сағат 11:00-де доллардың орташа сараланған бағамы 473,61 теңгеге төмендеді, деп жазды inbusiness.kz. 

28 наурыз күні таңертеңгі мәліметтермен салыстырғанда (1 доллар үшін 489,10 теңге) ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 15,49 теңгеге нығайды.

Кurs.kz хабарлауынша, елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 11:05-те 474 теңге, Алматыда 476 теңге.

Ұлттық банктің 29 наурыздағы ресми (нарықтық) бағамы 1 долларға 484,49 теңгені құрайды. Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу