Ұлттық валюта долларға қатысты тағы 7 теңгеге нығайды

1263

Елорда мен Алматының ақша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 499 теңге.

Ұлттық валюта долларға қатысты тағы 7 теңгеге нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 25 наурыз сағат 11:00-де доллардың орташа сараланған бағамы 494,03 теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

24 наурыз күні таңертеңгі мәліметтермен салыстырғанда (1 доллар үшін 501,49 теңге) ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 7,46 теңгеге нығайды. 

Kurs.kz мәліметтері бойынша, елорданың ақша айырбастау орындарында долларды сатудың максималды бағамы 499 теңге, Алматыда да 499 теңге болды.

Ұлттық банктің 25 наурыздағы ресми (нарықтық) бағамы 1 долларға 495,43 теңгені құрайды. Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу