Ұлттық валюта долларға шаққанда 328,76 теңгеге дейін әлсіреді

914

Ұлттық валюта долларға шаққанда 328,76 теңгеге дейін әлсіреді

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 (USDKZT_TOD және USDKZT_TOМ) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды. Қытай Халық Республикасында мереке күні (Көктем күні) болғандықтан, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 24 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 328,76 теңгені (+0,48 теңге), ал сауда-саттық көлемі – 58 250 мың АҚШ долларын (-1 250 мың USD) құрады.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір еуроға 350,60 теңгені, ұсыным – бір еуроға 351,20 теңгені құрады.

Есептесуі T+0 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу