Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы шамамен 7 теңгеге нығайды

459

Елорданың ақша айырбастау орындарында долларды сатудың максималды бағамы 483 теңге, Алматыда 484 теңге.  

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы шамамен 7 теңгеге нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы 476,32 теңгені құрады, деп хабарлайды nbusiness.kz.

22 шілде сағат 17:00-дегі мәліметтермен салыстырғанда (1 доллар үшін 483,30 теңге) ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 6,98 теңгеге нығайды.

KASE мәліметіне сәйкес, сауда-саттықта ең төменгі бағам бір доллар үшін 473 теңге деңгейінде қалыптасты, ең жоғарғысы – 478,90 теңге, жабылу курсы – 477,50 теңге. 

Кurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 483 теңге, Алматыда 484 теңге.

Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы 1 долларға 482,04 теңге.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу