Ұлттық жобалардың кураторы кім болатыны жарияланды

663

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын Ұлттық жобалардың орындалуы қалай бақыланатынын және нақты бағыттарды іске асыруға кім жауапты болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ұлттық жобалардың кураторы кім болатыны жарияланды

"Арнайы ұлттық жобалық кеңсе бар. Онда ақпараттық жүйе құрылған.

Ол жыл сайын серпінді мониторинг жүргізеді. Нақты режимде статистика бюросының ресурстарынан дерек жиналады. Ұлттық жобаларда көрсетілген қандай да бір көрсеткіштерге қол жеткізбеу тәуекелі туындаған жағдайда мемлекеттік органдарға алдын ала шара қолдану қажеттігі ескертіледі", – деді Әсет Ерғалиев.

Министр әр индикаторға мемлекеттік орган бекітілгенін тілге тиек етіп, ұлттық жобалардың бағыттарын іске асыруға вице-министрлер жауапты болатынын баяндады.

"Ұлттық жобаны іске асыру үшін жалпы жауапкершілік бірінші басшыларға жүктеледі, сондай-ақ үкімет деңгейінде бұл жұмысты апта сайын үйлестіретін, қажет болған жағдайда жұмыс кеңесін жинайтын куратор – премьер-министрдің орынбасарлары болады", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу