Ұлттық жобаларға мониторинг жүргізетін кеңсе 1 трлн теңгесін үнемдейді

857

Еліміздегі барлық ұлттық жобаның жүзеге асырылуы енді ерекше қадағаланады, деп хабарлайды Atameken Business     

Ұлттық жобаларға мониторинг жүргізетін кеңсе 1 трлн теңгесін үнемдейді

Ұлттық бастамалардың барысын сараптап, сүзгілеп отыратыын мониторингтік кеңес жұмысын бастап кетті. Соның арқасында жылына бюджеттің 1 триллион теңгесі үнемделмек, яғни мақсатсыз қаржы жұмсау мүлдем болмайды. Жобаларды мониторингілеу офисінің басшысы бұл үдеден шығатынына сенімді. Тіпті, нақты көрсеткішке қол жеткізбеген, нәтижесіз жұмысымен кенжелеп қалған басшылар жазаланады. Негізі жобалық басқару мәселесі осыдан он жыл бұрын көтеріліпті.

Алайда әр басқармада "өзі би, өзі қожа" басшылар мұндай жаңашылдықты жақтырмай, астыртын қарсылық білдіріп, жұмыстың басталуын кешіктіріп тастаған. Айтпақшы, мониторинг жүргізу офисінің жетекшісі бұл кеңсенің жұмысына бір тиын бюджет қаржысы бөлінбейді деп сендірді. Әрі бұл мекеменің істеген жұмыс нәтижесі, яғни кез келген ұлттық жобаға қатысты мониторинг нәтижесін барлық азамат онлайн оқи алатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу