Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу арқылы Абай әулетінің өкілдері азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетіп, қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.
Ұлы ойшылдың ұрпақтары ата-баба аманатына адалдық танытып, ел тағдырына бейжай қарамай, маңызды шешімдер қабылданатын тарихи сәтте өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Абайдың ұрпағы, Абай ауданының Құрметті азаматы Құсман Верлишев референдумның маңызы туралы өз пікірін білдірді.
"Абай атамыз әрқашан ел бірлігі мен халықтың саналы болуын насихаттаған. Бүгін біз сол аманатқа адал болып, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын референдумға қатысып отырмыз. Әр азамат өз елінің тағдырына жауапкершілікпен қарап, мұндай маңызды науқандардан шет қалмауы керек", – деп атап өтті ол.