"Ұлы дала таңы" фильмінің тұсаукесері Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді

2561

Ел егемендігінің 30 жылдығына тәрбиелік сипаттағы 30 кино туынды әзірленбек.

"Ұлы дала таңы" фильмінің тұсаукесері Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тәуелсіздіктің "30 жылдығына арналған 30 кинтотуынды" жобасы аясында, тәрбиелік сипаттағы тарихи, көркем және анимациялық фильмдер әзірленбек. Сонымен қатар "Ұлы дала таңы" атты тарихи көркем фильмінің тұсаукесері де осы ел егемендігінің 30 жылдығы мерекесін қарсаңында өтеді. Бұл көптен күткен тұсаукесер болмақ",  деді министр.  

Министрдің сөзінше мерекеге қарсы ел өңірдерінде түрлі шарала ұйымдастырылады. Бірақ оның барлығы эпидемиологиялық жағдайға сай реттеледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу