Улы газ датчигі 7 адамнан тұратын отбасын құтқарды

183

Көміртегі тотығымен жеңіл түрде уланған 2 ересек адам мен 3 бала үйге жіберілді. Олардың денсаулығына қауіп жоқ. 

Улы газ датчигі 7 адамнан тұратын отбасын құтқарды Фото: ҚР ТЖМ

Тұрғын үйдегі көміртегі тотығы датчигінің іске қосылуы нәтижесінде 2 ересек адам мен 5 баланың көміртегі тотығымен уланудан келетін ажалдан аман қалған.

Бүгін, таңғы сағат 04 шамасында Бородулиха ауданының Сосновка ауылындағы Лесная көшесіндегі үйдің тұрғындары көміртегі тотығы мөлшерін анықтайтын датчиктің дыбыстық сигналынан оянған.

Орталық аудандық ауруханаға жүгінгеннен кейін 2019 және 2020 жылы туылған балалар көміртегі тотығымен жеңіл түрде уланғаны анықталып, одан әрі бақылау үшін ауруханаға жатқызылды.

Улану фактісі қатты отынмен жағылатын пешті пайдалану ережелерін бұзғандықтан орын алған (тазартылмаған мұржа).

Айта кетерлігі, 2023 жылы Бородулиха ауданында көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерде көміртегі тотығы газының 99 датчигі орнатылған болатын.

Қатты аяз техногендік өрттер санының артуына ықпал етуі мүмкін.

Осыған байланысты келесі кеңестерге назар аударыңыздар:

  • жарықтары бар жылыту пештерін пайдаланбаңыз;
  • мұржаларды күйеден уақтылы тазарту қажет;
  • егер өт соңына дейін сөнбесе, пештердің суырма қақпағын жаппаңыз;
  • көміртегі тотығы мөлшерін анықтайтын датчиктер орнату керек.

Абай облысының ТЖД жеке меншік тұрғын үй иелерінен от жағатын пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауларын өтінеді!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу