"Ұлы Жібек жолы" турнирі: Екі боксшымыз финалға жолдама алды

207

Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирі жалғасып жатыр.  

"Ұлы Жібек жолы" турнирі: Екі боксшымыз финалға жолдама алды Фото: olympic.kz

Бүгін төрт қазақстандық боксшы финал жолдамасын сарапқа салады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандық боксшылар Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Тимур Қабдешов (54 келі) Бакуде өтіп жатқан турнирдің финалына шықты. Олар жартылай финалда ресейлік қарсыластарын жеңді.

Жартылай финалда ресейлік Адам Әлиевпен кездескен жерлесіміз Теміртас Жүсіпов төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Үш раундтағы жекпе-жекте үстемдік танытқан боксшымыз Баку бәсекесінің финалына жолдама алды.  

54 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ресейлік Максим Кузнецовпен жұдырықтасқан Тимур Қабдешов те финалға жолдама алды. 

Бұған дейін Сағындық Тоғамбай 92 келі салмақта турнирдің финалына шыққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу