Ұлыбритания астанасында Наурыз мейрамы тойланды

972

Мерекелік іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысқан. 

Ұлыбритания астанасында Наурыз мейрамы тойланды

Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері Ұлыбритания астанасы Лондонда Наурыз мейрамы алғаш рет офлайн форматта тойланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сырқы істер министрлігінің мәліметінше, іс-шараны Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Лондон колледжінің қазақ студенттер қоғамы ұйымдастырған. 

Наурыз мейрамында қазақ мәдениеті мен өнері таныстырылған. 

Мерекелік іс-шараға Лондонның мыңдаған тұрғыны мен қала қонақтары қатысты.

"Мерекелік концерт аясында Қазақстан елшілігінің өкілдері халық әндерін, әрі танымал заманауи композицияларды орындады. Ұлттық стендте зергерлік бұйымдар, ұлттық киім, тұрмыстық заттар, ұлттық тағамдар, Қазақстанның тарихы, мәдениеті туралы кітаптар мен брошюралар ұсынылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу