Ұлыбритания байларға салықты төмендету туралы шешімін өзгертті

423

Себебі салықты төмендетудің ауқымды бағдарламасы сарапшылардың сынына ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстаға сілтеме жасап.

Ұлыбритания байларға салықты төмендету туралы шешімін өзгертті

"Ұлыбритания билігі 45%-ды құрайтын және 150 мың фунттан асатын жылдық табысқа қолданылатын табыс салығының максималды мөлшерлемесін төмендету жоспарларынан бас тартуға шешім қабылдады, деп жазады Dow Jones. "45% салық мөлшерлемесі туралы шешім ауқымды шаралар пакетіне кері әсерін тигізуде", – деді Ұлыбританияның қазынашылық хатшысы Квази Квартенг.

Бұл шара қыркүйек айының соңында салықты төмендетудің ауқымды бағдарламасы аясында жарияланды. Алайда мемлекеттік бюджет тапшылығының күрт өсуіне байланысты сарапшылардың сынына қалды әрі мемлекеттік облигациялар кірісінің өсуіне әкелді. Шешімнің кері әсерін жеңілдету үшін елдің ұлттық банкі бұған дейін жоспарланған мемлекеттік қорларды сатуды тоқтатып, оның орнына қайтадан қарыз қағаздарын сатып алуды бастауға мәжбүр.

Табысы 150 мың фунттан асатын адамдар үшін қосымша салық салу мөлшерлемесі 45%-дан 40%-ға дейін төмендетілген болатын. 

Бұған дейін хабарланғандай, Британдық Қаржы министрлігі корпоративтік табыс салығын 19%-дан 25%-ға дейін өсіру жоспарын тоқтатты. Жаңадан күшіне енген британдықтардың жалақыларынан міндетті сақтандыру аударымдарының 1,25%-ға ұлғайтудан бас тартты. Табыс салығының базалық мөлшерлемесі 20%-дан 19%-ға дейін төмендетіледі. Өзгерістер 6 қарашадан бастап күшіне енеді деп күтіліп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу