Ұлыбритания балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салуды қарастырып жатыр

146

Жақында Аустралия тиісті қадамға барған болатын. 

Ұлыбритания балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салуды қарастырып жатыр Фото: culture.ru

Ұлыбритания билігі балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейту мақсатында кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар Лондон мектептерде ұялы телефондарды қолдану талаптарын қатаңдатпақшы. Бұл туралы Ұлыбританияның үкіметі хабарлады.

Ғылым, инновациялар және технологиялар министрі Лиз Кендалл қолданыстағы заңдар саланы реттеудегі соңғы шешім болмағанын атап өтті. Сол себепті министр қосымша шаралар қабылдауға ниетті екенін білдірді.

Ұлыбритания үкіметі Аустралияның тәжірибесін меңгеру үшін өз министрлерін осы елге жібермек. Бір ай бұрын Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға заң жүзінде тыйым салған әлемдегі алғашқы ел атанған болатын. 

Смартфондар мен әлеуметтік желілерге шамадан тыс әуестену балалардың психикалық денсаулығына кері әсер ететініне байланысты алаңдаушылық басқа елдерде де айтылады. Мысалы, Дания 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Ал Еуропалық одақ деңгейінде Еурокомиссия жақында YouTube пен Snapchat секілді платформалардың кәмелетке толмағандарды қорғау жөніндегі Цифрлық қызметтер туралы заң (DSA) талаптарына сәйкестігін тексермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу