Ұлыбритания экономикасы техникалық рецессияға ұшырады

237

Жалпы ішкі өнім былтыр жыл соңында 0,3%-ға қысқарған.  

Ұлыбритания экономикасы техникалық рецессияға ұшырады Фото: bcs-express.ru

Ұлыбритания экономикасы техникалық рецессияға ұшырады. Бұл үдеріс экономика екі тоқсан қатарынан құлдырағанда жарияланады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл көрсеткіш сарапшылардың жорамалынан да нашар болды. Олар экономика 0,1%-ға төмендейді деп болжаған. Құлдырау негізгінен қызмет көрсету, өндіріс және құрылыс секторларында байқалған. Қаңтарда инфляция 4 пайыз деңгейінде сақталған. Бұл жағдай парламенттік сайлауға дайындалып жатқан Премьер-министр Риши Сунак үшін ауыр соққы болды. Саяси науқан осы жылдың соңында өтуі мүмкін. Үкімет басшысының берген негізгі уәделерінің бірі- экономиканы көтеру болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу