Ұлыбритания экономикасының шілдедегі өсімі көтерілді

1521

Шілде айындағы ЖІӨ маусым айымен салыстырғанда 0,3 пайызға көтерілген. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш рецессия болады деген күдікті сейілтіп отыр. 

Ұлыбритания экономикасының шілдедегі өсімі көтерілді

Бұған дейін Bloomberg сарапшылары экономикалық өсім 0,1 пайызды құрайды деп болжаған еді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс шілдеге дейінгі үш айда 1,1%-ға, құрылыс 0,8%-ға кемісе, қызмет көрсету секторы небәрі 0,2%-ға артты. 

Ал шілде айында қызмет көрсету 0,3 пайызға, құрылыс 0,5 пайызға көтерілген. Жалпы өнеркәсіптік өндіріс 0,1 пайызға өскен.

Айта кететін жайт, Ұлыбританияның ЖІӨ екінші тоқсанда соңғы алты жылдағы ең төменгі көрсеткішке құлдыраған болатын.

Сарапшылардың айтуынша, егер де бұдан да төмен деңгейге қысқарған жағдайда ел экономикасы рецессияға ұшырайтын еді. 
Дегенмен ЖІӨ-нің шілде айындағы көрсеткіші сәл өскенімен, Ұлыбритания экономикасының қарқыны соңғы уақытта бәсеңдеген. Бұған Brexit төңірегіндегі саяси дағдарыс және АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі әсерін тигізіп отыр. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу