Ұлыбритания Қазақстаннан 439,1 миллион долларға күміс сатып алды

1020

Ұлыбритания Қазақстаннан 439,1 миллион долларға күміс сатып алды

2017 жылы Қазақстанның Ұлыбританиямен тауар айналымы 1,3 млрд долларды құрады, деп хабарлайды LS. 
Бір жылда тауар айналымы 1,9 пайызға өскен. Бұл көрсеткіште экспорттың үлесі көп (926,7 млн доллар).
Қазақстан королдікке $439,1 млн-ға күміс, $279,1 млн-ға мыс, $107,3 млн-ға шикі мұнай, $42,4 млн-ға хром оксидін, $21 млн-ға ферроқорытпа сатқан. 
Ал Ұлыбританиядан елімізге $23,9 млн-ға рентген аппараты, $15 млн-ға қара металдан жасалған бұйымдар, $14,9 млн-ға дәрі-дәрмек жеткізілген. Бұдан өзге кран, этил спирті, электргенераторлы қондырғы, сұйықтық сорғысы мен турбореактивтік қозғалтқыш саудалаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу