Ұлыбритания қорғаныс бюджетін 6 миллиард долларға арттырады

484

Ядролық тежеу күштерін дамыту үшін қорғаныс шығындарын ұлғайту қажет.  

Ұлыбритания қорғаныс бюджетін 6 миллиард долларға арттырады Фото: aa.com.tr

Премьер-Министр Риши Сунак кеңсесінің мәлімдемесіне сәйкес, Ұлыбритания үкіметі алдағы екі жылда елдің қорғаныс бюджетін £5 млрд ($6 млрд) ұлғайтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әскери бюджетті ұлғайту туралы тармақ 13 наурызда жарияланатын Ұлыбританияның қауіпсіздік, қорғаныс және сыртқы саясат мәселелеріне кешенді шолудың жаңартылған нұсқасында қамтылады. Қорғаныс шығындарын арттыру ядролық тежеу күштерін дамыту үшін қажет.

"Біздің Қарулы Күштерімізге ұзақ мерзімді инвестиция салу арқылы біз бүгінгі және ертеңгі туынтауы мүмкін қиындықтарға дайын боламыз", - деді Сунак.

Хабарламада айтылғандай, Ұлыбритания соңғы рет 2020 жылы қорғаныс шығындарын 24 миллиард фунт стерлингке (28,5 миллиард доллар) арттырды.

Кеңсе сонымен қатар Сунак Ұлыбританияның әскери шығындарын ЖІӨ-нің 2,5 пайызына дейін көтеруді мақсат етіп отырғанын айтты.

Бұған дейін Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес алдағы екі жылда Корольдіктің әскери бюджетін 20 пайызға ұлғайтуды ұсынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу