Ұлыбритания Қытай мен Ресейді басты қарсыластар қатарына қосты

1244

Британдық-қытайлық қатынастардың алтын ғасыры аяқталды, Лондон тек өзі ұстанатын құндылықтарды мойындайтын одақтастармен ғана байланысуы керек. 

Ұлыбритания Қытай мен Ресейді басты қарсыластар қатарына қосты Фото: news.online.ua

Бұл туралы Ұлыбританияның премьер-министрі Риши Сунак өзінің сыртқы саясаттағы алғашқы кешенді бағдарламасын жариялағанда сөз етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бір ай бұрын ғана билеуші Консервативті партияның жетекшісі, сәйкесінше Премьер-министр болып сайланған Сунак дүйсенбіге қараған түні Лондон лорд-мэрінің жыл сайын өткізетін салтанатты кешінде сөйлеген сөзінде Қытай британдық құндылықтар мен мүдделерге жүйелі түрде қарсы тұратынын және Аспан асты елінің әр қадамы автократияға  қарай бағытталғандықтан, алдағы сынақтың қиындай түсетінін айтты.

Сондықтан кейінгі кездері қалыптасқан Қытаймен күрестің әлсіз формасы жеткіліксіз, оның халықаралық саяси ортадағы, халықаралық экономикалық тұрақтылық пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы маңыздылығын ескермей, бұл мәселеге үстіртін қарауға болмайды.

"Мұны Америка Құрама Штаттары, Канада, Австралия, Жапония сынды мемлекеттер жақсы түсінеді, сондықтан осы елдермен бірлесе отырып, Ұлыбритания Қытай бәсекелестігіне төтеп бере алады, ал оны жеңу бірінші кезекте дипломатия мен диалог арқылы ғана мүмкін", - деді Ұлыбритания премьер-министрі.

Сунак Қытаймен күрес Ұлыбританияның тұрақтылығын, әсіресе, экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан "күрт" арттыруды білдіретінін байқады. Бұған жаңадан қабылданған Ұлттық қауіпсіздік және инвестициялар туралы заң дәлел.

Аталмыш Заңның негізінде Ұлыбритания үкіметі осы айда елдегі ең ірі жартылай өткізгіш компаниясы Newport Wafer Fab-тың қытайлық иесіне компаниядағы 86 пайыз үлесін сатуға бұйрық бергенін еске салды.

Ұлыбритания Премьер-министрі екі ел арасындағы қарым-қатынастың "алтын ғасыры" аяқталғанын мәлімдеді, бірақ сауда-саттық байланыстар автоматты түрде әлеуметтік және саяси реформаларға әкелетінін жасырмады.

2010 жылдан 2016 жылға дейін Ұлыбританияның премьер-министрі болған Кэмерон 2015 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Лондонға мемлекеттік сапары кезінде британдық-қытайлық қатынастардың "алтын ғасыры" басталғанын айтқан еді.

Осылайша, Сунак 2010-шы жылдардың ортасында Премьер-Министр консерватор Дэвид Кэмерон мен қаржы министрі Джордж Осборн жариялаған саясатқа тікелей сілтеме жасады. Онда Британдық экономиканы, әсіресе көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту үшін Қытаймен барынша тығыз байланыс көзделген болатын.

Қытайдан басқа, ол Ұлыбритания қарсыластары қатарына Ресейдің қосылғанын айтып, осы державалар тудырған қиындықтарға бұрынғыдай бейжай қарауға болмайтынын ескертті.

Ал Украинамен байланыс тек нығая түспек. Біріккен корольдік Украинаны барынша қолдайды және келесі жылы оған әскери көмекті ұлғайтады.

Лондон Украина халқы мен маңызды инфрақұрылымды қорғау үшін жаңа әуе қорғанысы жабдықтарын жеткізеді.

"Біз Украинаны қорғау арқылы өзімізді қорғаймыз", — деп түйіндеді Ұлыбритания премьер-министрі. 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу