Ұлыбритания Lukoil International-ды санкциялардан уақытша босатты

81

Лицензия компаниямен операция жүргізуге мүмкіндік береді және 2026 жылдың 26 ақпанына дейін күшінде болады.  

Ұлыбритания Lukoil International-ды санкциялардан уақытша босатты Фото: lukoil.ru

Ұлыбритания үкіметі "Лукойлдың" шетелдік активтерін басқаратын Lukoil International GmbH компаниясына бас лицензияны берді, деп жазады inbusiness.kz сайты "Форбс" журналына сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің Қаржы министрлігі құрамындағы Қаржылық санкцияларды іске асыру басқармасының (OFSI) хабарламасында айтылды.

Лицензия мәтініне сәйкес, Lukoil International немесе оның еншілес компанияларына арналған қаражаттар "Лукойл" АҚ бақылауында болса, тыйым салынған есепшотқа аударылуы тиіс. Бақылау алынып тасталғаннан кейін ғана қаражат пайдалануға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, лицензия британ қаржы институттарына рұқсат етілген операциялар шеңберінде төлемдерді өңдеуге мүмкіндік береді. Үкімет лицензияны кез келген уақытта қайтарып алуға құқылы.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы қазанда Ұлыбритания мен АҚШ "Лукойлды" санкциялық тізімге енгізген болатын. АҚШ санкциялары Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мен "Теңізшевройл" компаниясына қолданылмайды, ал британ санкциялары сондай-ақ Қарашығанақ кен орнын қамтиды.

Қазақстандағы активтері:

  • 100% – "Lukoil Lubricants Central Asia" ЖШС (Алматы облысында май шығару зауыты).
  • 5% – "Теңізшевройл" жобасы.
  • 13,5% – "Karachaganak Petroleum Operating".

Сонымен қатар, 2023 жылы "ҚазМұнайГаз" мен "Лукойл" Каспий теңізіндегі "Қаламқас-теңіз", "Хазар" және "Әуезов" жерүсті учаскелерін игеру жобалары бойынша келісімге келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу