Ұлыбритания парламентінің төменгі палатасы таратылды. Біріккен Корольдіктің заң шығарушы органы, жұмысын кезектен тыс сайлау қарсаңында тоқтатты.
Заңға сәйкес, парламент науқан өтерден 25 күн бұрын таратылуы тиіс. Сайлау премьер-министр Тереза Мэйдің бастамасымен 8 маусым күні өтеді. Осылайша бүгіннен бастап, төменгі палатаның 650 орны бос қалды. Ал депутаттарға жеке заттарын жиыстырып алуға парламент ғимаратына бірнеше күнге ғана кіруге рұқсат берілді.
Автор: Арай Сүгірбай
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу