Ұлыбритания ресейлік активтерді тәркілеп, Киевке жібермек

536

Бұған дейін британиялық министр Киевке жеңіс керек екенін, сондықтан жаңа Минск келісімдеріне жол берілмеуі қажет екенін мәлім етті.

Ұлыбритания ресейлік активтерді тәркілеп, Киевке жібермек Фото: reuters.com

Ұлыбритания билігі бұғатталған ресейлік активтерді тәркілеп, оларды Киевке жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Лиз Трасс мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мен бұл бастаманы қолдаймын. Бұны өте мұқият қарастырамыз. Канадалықтар іс жүзінде заң қабылдады. Бұл мәселені біз ішкі істер министрлігімен және қазынашылықпен бірлесе зерттейміз. Мен бастаманы толықтай қолдаймын, біз оның егжей-тегжейлерін түсініп алуымыз керек", – деді министр.

Бұған дейін Трасс Киевке жеңіс керек екенін, сондықтан жаңа Минск келісімдеріне жол берілмеуі қажет екенін мәлім етті. Ол Украинаның Ресеймен келісім жасасуына қарсы екенін білдірді. Айтуынша, құжат нашар ойластырылған жағдайда Ресей Президенті Владимир Путиннің әскері қайтадан шабуылдауы мүмкін.

"Сондықтан біз жаңа Минск келісіміне жол бере алмаймыз. Украинаға оның қауіпсіздігін қалпына келтіретін жеңіс қажет", – деді министр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу