Ұлыбританияда алғашқы ұшқышсыз тікұшақ ұшырылды

153

Аппарат Лизард түбегіндегі Преданнак аэродромынан ұшты.  

Ұлыбританияда алғашқы ұшқышсыз тікұшақ ұшырылды Фото: armyrecognition.com

Жоба болашақта ірі автономды тікұшақтардың пилот басқаруындағы әуе техникасымен бірлесе әрекет ету мүмкіндігін көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Proteus деп аталған тікұшақ – Leonardo компаниясы Корольдік Әскери-теңіз күштері үшін әзірлеген.

Тарихи сәтті сала өкілдері, Корольдік флот пен Ұлыбританияның қорғаныс ведомстволары бақылап отырды.

Сынақ кезінде Proteus қысқа бағдарлама орындап, барлық ұшу жүйелерін адамның тікелей араласуынсыз толық өздігінен басқарды.

Тікұшақта экипаждың орнына заманауи сенсорлар мен борттық есептеу жүйелері орнатылған. Proteus бір тоннадан астам жүк көтере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу