Ұлыбританияда мыңнан астам көлік жанып кетті

837

Ұлыбританияда мыңнан астам көлік жанып кетті

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы көлік тұрағының бірінде ірі өрт шығып, 1 мыңнан астам көлік жанып кетті. Төтенше жағдай кезінде жапа шеккендер жоқ, деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға шаһардағы ойын-сауық кешенінің маңындағы көпқабатты көлік тұрағында болды. Осы уақытта кешенде халықаралық жылқы көрмесі өтіп жатқан. Салдарынан шараның соңғы бөлігі тоқтатылып, ғимараттағы аттар қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ түтіннен кешенге жақын жердегі үйлердің тұрғындары баспанасын уақытша тастап кетуге мәжбүр болды.

Алдын ала тергеуге қарағанда, тұрақтағы бір көліктен от шығып, жалын қалған көліктерге тараған. Тілсіз жаумен күресуге 6 өрт сөндіруші бригада қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу