Ұлыбританияда жасы 12-ден асқан балаларға екпе егіледі

482

Англияда бұл процесс келесі аптада басталады.

Ұлыбританияда жасы 12-ден асқан балаларға екпе егіледі

Ұлыбритания үкіметі бас дәрігерлердің 12-15 жас аралығындағы сау балаларға Pfizer/BioNTech препаратының бір дозасын егу туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz вакцинация мәселесі жөніндегі министр Надим Захавидің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, бұл бастама вакцинация бағдарламасының басқа тармақтарындай шұғыл түрде жүзеге асырылады.

The Guardian дерегі бойынша, қазіргі уақытта балаларға арналған вакцинация Англияда мақұлданды. Процесс келесі аптада басталады. Енді Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия жақын арада осыған қатысты шешімін жариялайды.

Ескере кететін жайт, дельта штамм өршігеннен бері, АҚШ-та балаларды ауруханаға жатқызу фактілері жиілеп кетті. Бірақ бірқатар маман жаңа штамм айтарлықтай қауіпті емес және аурудың ауыр түріне әкеліп соқпайды деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу