Ұлыбританияның Brexit бойынша министрі отставкаға кетті

568

Ұлыбританияның Brexit бойынша министрі отставкаға кетті

Ұлыбританияның Brexit бойынша министрі Дэвид Дэвис отставкаға кетті. Оның айтуынша, бұл шешімді қабылдауға премьер Тереза Мэймен бірқатар мәселе жөніндегі келіспеушіліктер себеп болған, деп хабарлайды 24.kz.

Сонымен қатар парламент мүшелері Стив Бейкер мен Суэлла Браверман да қызметінен кетті.

Айта кетейік, бұған дейін британиялық премьер-министр Тереза Мэй келесі аптада Брюссельмен келіссөзде Лондонның ұстанымы бойынша ресми құжатты жариялайтынын айтқан еді. Ресми Лондон Ұлыбритания мен Еуроодақ арасында ашық сауда-саттық аймағын құруды ұсынады.

Ел патшайымы Елизавета II парламент қабылдаған Еуропа Одағынан шығу туралы заң жобасына келісімін берген болатын. Енді заң 2019 жылдың 29 наурызында күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу