Ұлықтауға қарсы наразылық шеруін бастады

891

Ұлықтауға қарсы наразылық шеруін бастады

АҚШ-та адам құқығы жөніндегі ұйымдардың мүшелері жаңа сайланған президент Дональд Трампты ұлықтауға қарсы наразылық шеруін бастады, деп хабарлайды Хабар 24.kz.

2 мыңға жуық адам Вашингтондағы Мартин Лютер Кинг ескерткішінің алдына жиналып, аз ұлттардың құқы үшін күресуге және Obamacare реформасын сақтауға шақырды.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, елде 30 топ Трамптың ұлықталуына қарсы наразылық шеруін  өткізуге рұқсат алған.

Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трампты ұлықтау салтанаты 20 қаңтарда Вашингтондағы Конгресс ғимаратында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу