Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылының тұрғыны Есіркеп Сәдібекұлы Садақбаев 2025 жылғы 2-нен 3-ші қыркүйекке қараған түні қайтыс болған.
– Туыстары дер кезінде хабарламағандықтан, медициналық қызметкерлер қайтыс болу туралы анықтама бермеген. Қазір мәйітке эксгумация жасалып, сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Қорытындысы шыққан соң қосымша ақпарат беріледі, – делінген басқарма таратқан хабарламада.
Дәрігерлер нақты өлім себебін сараптама нәтижесі шыққаннан кейін ғана жариялайды.
Марқұм өмірінде "I11" және "M42" диагнозымен динамикалық бақылауда тұрған. Сонымен қатар, дене жарақаттарына байланысты медициналық көмекке жүгінбеген және ешқандай шағым түсірмеген.