Алғашқы рейсті Маңғыстау станциясында жұрт салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қарағанды–Жезқазған" бағыты Маңғыстауға дейін ұзартылып, енді "Қарағанды–Маңғыстау" бағыты ретінде қатынайтын болды.
Жол жүру уақыты – шамамен 41 сағат.
Келу уақыты: тақ күндері 12:08
Жөнелту уақыты: 14:34
Билет құны:
- Купе – 22 123 тг;
- Плацкарт – 14 467 тг.
Жаңа бағыт туризмді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу