Ұлытау облысына төтенше жағдай кезінде қолданатын тікұшақ берілді

431

Ми-8АМТ көп мақсатты тікұшағы түрлі күрделі деңгейдегі өртті сөндіруге арналған су төгетін құрылғымен жабдықталған.      

Ұлытау облысына төтенше жағдай кезінде қолданатын тікұшақ берілді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайларға жедел ден қою деңгейін арттыру және өңірлік бөлімшелердің техникалық жарақтандырылуын күшейту мақсатында Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне "Қазавиақұтқару" кәсіпорнына тиесілі су төгетін құрылғысы бар Ми-8АМТ маркалы тікұшақ табысталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Әуе көлігін тапсыру өңірлердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және ТЖМ құрамындағы авиация әлеуетін дамытуға бағытталған.

Ресми тапсыру рәсіміне Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров пен облыс әкімі Дастан Рыспеков қатысты.

Ми-8АМТ тікұшағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, шұғыл медициналық көмек көрсету және зардап шеккендерді эвакуациялау, табиғи және техногендік сипаттағы өрттерді сөндіру, орман алқаптары мен ерекше қорғалатын аумақтарды әуеден патрульдеу сияқты кең ауқымды міндеттерді орындауға қолданылады.

Тікұшақ арнайы ұшу базасында орналастырылып, онда тәулік бойы техникалық қызмет көрсету, жанармаймен жабдықтау және экипаждың жедел ұшуға әзірлігі қамтамасыз етілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу