Ұлытау облысында 30 отбасы баспаналы болды

182

Жыл соңына дейін Ұлытау облысында 900-ге жуық отбасы баспаналы болады.  

Ұлытау облысында 30 отбасы баспаналы болды Фото: gov.kz

Сәтбаев қаласында тұрғын үй кезегінде ұзақ жылдар бойы тұрған 30 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа баспаналар әлеуметтік осал топтарға және тұрғын үй кезегіндегі өзге де санаттарға берілді. Пәтерлердің құрылысы жақында аяқталған.

Ұлытау облысында жыл соңына дейін 900-ге жуық отбасыны баспанамен қамту жоспарланып отыр.

Жоба Ұлытау облысы әкімдігі мен Отбасы банк арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылуда.

Өңір құрылғаннан бері облыста 400 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген. Биыл тағы 73 мың шаршы метр баспананың құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу