Ұлытау облысында 90 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

124

Кадастрлық құны 147 млн теңгеден асады.  

Ұлытау облысында 90 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: eldala.kz

Ұлытау ауданының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсат бойынша пайдаланбаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 147 млн теңгеден асатын жалпы ауданы 90 000 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын шын ниеті бар тұрғындарға қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған", - делінген Ұлытау облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.

Прокуратура органдары пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу