Ұлытау облысында далада адасқан тұрғынды полиция іздеп тапты

177

Хабар-ошарсыз кеткен азамат дронның көмегімен табылып отыр.  

Ұлытау облысында далада адасқан тұрғынды полиция іздеп тапты Фото: polisia.kz

Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылының тұрғыны жылқы іздеуге шығып, бағытынан жаңылып кеткен. Оның туыстары аудандық полиция бөліміне хабарласып, көмек сұрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Хабарлама түсе салысымен Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын бастаған.

Іздеу аумағының кеңдігін ескере отырып, тәртіп сақшылары арнайы ұшқышсыз ұшу аппаратын – дронды пайдаланды. Заманауи техниканың көмегімен ашық дала жоғарыдан мұқият тексеріліп, кеше таңғы сағат 10:00 шамасында жоғалған азамат Нұра ауданымен шектесетін аумақтан аман-есен табылды.

Іздестіру жұмыстарына жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері де жұмылдырылды. Анықталғандай, азамат кешкі уақытта бағытынан адасып кеткен.

Сонымен қатар ұялы байланыс желісінің болмауы және көлігінің жанар-жағармайы таусылуы салдарынан түнді далада өткізуіне тура келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу