Ұлытау облысында жыл басынан бері қоғамдық жолдарда дрифт жасаған 14 жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полиция мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жастар арасында тіркелген. Әсіресе үйлену тойларындағы автокөлік кортеждері мен түрлі мерекелік іс-шаралар кезінде дрифт жасау деректері жиі кездеседі.
Барлық 14 жүргізушінің жеке басы анықталып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар олармен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Полиция қоғамдық жолдарда дрифт жасау мен қауіпті маневрлерге жол бермеуге шақырды. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.