Ұлытау облысында электр энергиясына тариф төмендетілді

207

Прокурорлармен табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру мен бекіту негізділігіне талдау жұмыстары жүргізілді.  

Ұлытау облысында электр энергиясына тариф төмендетілді Фото: Inbusiness.kz

Нәтижесінде "Жезқазған электр тарату желісі компаниясы" АҚ бекітілген тарифтік сметада көрсетілген 522 млн теңгеден астам сомаға шығындарды растай алмағаны анықталды.

Аталған мақсатта электр энергиясымен жабдықтауға облыстың барлық тұрғындарынан түсетін қаражат пайдаланылады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаментімен қараша айында "Жезқазған электр тарату желісі компаниясы" АҚ қызметтеріне уақытша өтемақы тарифі енгізілді.

Нәтижесінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Жезқазған электр тарату желісі компаниясы" АҚ тарифі 1 кВтсағ үшін 0,39 теңгеге (4,46 теңге/кВтсағ-тан 4,07 теңге/кВтсағ-қа) төмендетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу