Ұлытау облысында ірі есірткі жеткізу арнасы жойылды

144

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Ұлытау облысында ірі есірткі жеткізу арнасы жойылды Фото: polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Ұлытау облысында ірі есірткі жеткізу арнасын жойды. Ол елдің оңтүстік аймағынан ұйымдастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жезқазған – Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұсталды. Күдіктілер маршрутты бақылаған. Көлікті тексеру кезінде 13 пакет тәркіленді. Онда 300 келіден астам марихуана болған. Алдын ала мәліметке сәйкес тәркіленген есірткі миллионға жуық бір реттік дозаға тең. Оның қара нарықтағы құны үш миллион АҚШ долларына жетеді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі есірткіні өндіру мен тарату бойынша кез келген заңсыз әрекеттің жолын кеседі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу