Ұлытау облысында қарияларға 20 мың теңгеден әлеуметтік төлем беріледі

133

Төлемді алу үшін өтініш берудің қажеті жоқ.  

Ұлытау облысында қарияларға 20 мың теңгеден әлеуметтік төлем беріледі Фото: gov.kz

Қаражат аталған санатқа жататын азаматтардың есепшоттарына автоматты түрде аударылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлытау облыстық әкімдігіне сілтеме жасап.

1 қазан – Қарттар күніне орай Ұлытау облысында жасына байланысты ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге 20 000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.

Төлемдерді аудару 20 қыркүйек пен 10 қазаны аралығында жүргізіледі.

– Аталған әлеуметтік төлем "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына" сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде жүзеге асырылады, – делінген облыстық әкімдік таратқан хабарламада.

Бүгінгі таңда ең төменгі зейнетақы алатын 6199 зейнеткерге біржолғы әлеуметтік төлем аударылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу