Ұлытау облысында конституциялық реформалардың мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды

168

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен "Әділетті Конституция – қуатты мемлекет" атты жиын өтті.   

Ұлытау облысында конституциялық реформалардың мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Өңір басшысы алдымен 15 наурыздағы республикалық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар 13 ақпаннан бастап өңірде "Әділ, прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" өңірлік коалициясы жұмысын бастағаны айтылды. Коалиция құрамына бес саяси партия филиалы – Amanat, Қазақстан Халық партиясы, Ауыл, Ақ жол, Respublika, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдары, ардагерлер кеңесі мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енген.

Отырысқа қатысушылар конституция жобасына енгізілген өзгерістердің құқықтық негіздері туралы баяндама жасады. Бүгінде облыста референдумға қатысты кешенді ақпараттық науқан белсенді жүргізілуде. 

Жиын барысында жаңа Конституция жобасының ашық әрі жария талқылаудан өткеніне ерекше назар аударылды. Әрбір азаматтың өз пікірін білдіру мүмкіндігі заңдылықты нығайтып, заманауи талаптарға сай шешімдер қабылдауға жол ашқаны айтылды.

Кездесу соңында облыс әкімі конституциялық реформалардың табысты жүзеге асуы қоғамдық келісім мен әр азаматтың белсенді ұстанымына байланысты екенін атап өтіп, жиынға қатысушыларға алғыс білдірді.                                                                                                                                                                                                               

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу