Ұлытау облысында 16 миллионға бәс тіккен мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылды

519

Бұл ақпаратты Бас прокуратура таратты.  

Ұлытау облысында 16 миллионға бәс тіккен мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылды Фото: astanatv.kz

Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы жүйелі түрде құмар ойын ойнағаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге телекоммуникациялық желілер мен интернетті пайдалана отырып өткізілетін құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған.

"1XBET" және "OLIMPBET" букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, ол жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық мөлшерде құмар ойындарына қатысқан, – деп хабарлады бас прокуратура.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу