Ұлытау облысында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті

197

Өңір бойынша барлығы 130 киіз үй тігіліп, мерекелік думанға 100 мыңнан астам тұрғын мен қонақ жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ұлытау облысында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Бүгін Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай Ұлытау облысының қала-аудандарында ауқымды әрі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аймақ басшысы Дастан Рыспеков облыс орталығы – Жезқазған қаласындағы Наурыз мерекесіне қатысып, өңір жұртшылығын ұлық мерекемен құттықтады. Облыс орталығында 30-ға жуық киіз үй бой көтеріп, олардың арасында "Үздік киіз үй" байқауы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға ынталандыру сертификаттары табысталды. Жезқазғанның өзінде 40 мыңнан астам адам мерекелік шараларды тамашалады.

Мереке барысында жиналған қауымға Наурыз көже ұсынылып, ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татқандар ерекше көңіл күйге бөленді.

Сонымен қатар мекемелер мен кәсіпорындар арасында ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін сайыстар ұйымдастырылып, көпшілікке рухани тағылым сыйлады.

Этноауыл аумағында заманауи технологиялар да көрініс тапты. Атап айтқанда, жасанды интеллект негізінде әзірленген Digital Nauryz робот экспозициялары келушілердің қызығушылығын арттырып, мерекеге ерекше реңк берді.

Мерекелік шаралар аясында келушілерге Тайжан Қалмағамбетов атындағы облыстық филармония өнерпаздары мен Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу