Ұлытау облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

155

Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлады.  

Ұлытау облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді Фото: kaztag.kz

23-24 қыркүйек аралығында Жезқазған қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өткізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқу-жаттығу аясында, Жезқазған қаласы аумағында автокөлік құралдарының және халықтың қозғалысын уақытша шектейтін шаралар қарастырылған.

"Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу