Ұлытау облысында 3 жасар бала газдан уланды

138

ҚР ТЖМ баланы тікұшақ арқылы Жезқазған қаласына жеткізді.  

Ұлытау облысында 3 жасар бала газдан уланды Фото: Видеодан скриншот

Жәйрем ауданында үш жасар бала газдан уланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аудандық аурухананың дәрігерлері "Қазавиақұтқару" қызметі арқылы баланы шұғыл түрде Жезқазғанға жеткізуге шешім қабылдаған. Себебі, уланған бала ауыр хәлде.

"Үш жасар бала газдан уланған. Ол ауыр халде болғандықтан, мамандар оны дер кезінде облыстық орталыққа жеткізді", – деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

Тікұшақ ішінде баланы дәрігерлер қарап, оған жасанды ауа жіберіп отырған. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу