Ұлытау облысында жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

213

Сарапшылар қазір жобаны мұқият зерттеп, есептеу жүргізіп жатыр.  

Ұлытау облысында жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін Фото: t.me/kmgpress

Президент айтқан жаңа мұнай өңдеу зауыты Ұлытау облысында салынуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, нысанның құрылысын бастау үшін бірнеше өңір қарастырылуда. Вице-министр сарапшылар жобаны мұқият зерттеп, есептеулер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ зауытты қандай қаражатқа салатыны да талқыланып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елде отынға деген сұраныстың жоғары екенін айтып, жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртып, жаңа зауыт салуды тапсырған.

"Тұтыну көлемі артып келе жатқандықтан, мұнай өңдеу зауытын салу қажет. Бізге тиісті тапсырма берілді. Құрылысты бастау үшін бірқатар өңірді қарастырып отырмыз. Бәлкім Ұлытау облысында бой көтеруі мүмкін. Қазір сарапшылар қауымдастығы жұмыс істеп жатыр. Техникалық егжей-тегжейлері, сипаттамалары мен орналасатын орны белгілі болған кезде нақты айтамыз", – деді ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу