Ұлытау облысында құтқарушылар жоғалып кеткен шопанды аман-есен тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Ұлытау ауданында, Ескула-3 станциясы маңындағы Ақтұмақ қыстауында болған. Құтқарушыларға шопанның жоғалғаны туралы хабарлама түскен.
Іздестіру барысында 1974 жылы туған ер адамның Лоқылдақ қыстауы маңында адасып, бағытынан жаңылғаны анықталды.
Кейін ер адам байланысқа шыққан. Іздестіру тобы оны тауып, үйіне жеткізді.
Құтқарушылардың мәліметінше, шопан зардап шекпеген, медициналық көмекті қажет етпеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу