Ұлытау облысындағы дала өрті сөндірілді

243

Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Ұлытау облысындағы дала өрті сөндірілді Фото: gov.kz

Ұлытау облысындағы табиғи өрт сөндірілді, деп жазады inbusiness.kz. 

"31 шілде күні сағат 06:15-те өрт сөндірілді. Өрт аумағы 1500 гектарды құрайды", - делінген хабарламада.

Өрт сөндіруге Ұлытау облысы ТЖД күштері және ерікті өртке қарсы құрылымдарынан 45-ке жуық адам мен 12-ден астам техника жұмылдырылды.

Еске салайық, осыған дейін Ұлытау облысында 2 мың га аумақтағы өрт сөндіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу